You are here

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» Қостанайда

14.11.2016, 22:26   322

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бұл жолы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын Қостанай қаласының тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ қатысты.

«Біз Қостанай жерінің ұлы перзенттері Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Ғафу Қайырбеков отанына келгенімізге өте қуаныштымыз. Қостанайлықтарға Мемлекет Басшысының жалынды сәлемін алып келді», - деді өз сөзінде  пойыз жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Әміржан Әлпеисов.

Қостанай қаласы пойыз бағытындағы  12 станциясы болды, ал 15 қараша күні пойыз құрамы Арқалыққа жетеді.

Ауқымды акцияның қатысушылары түрлі ұйымдарда және мемлекеттік басқармаларда  ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауларға қатысты. №1 емханада астаналық дәрігерлер емделушілерді қабылдап, кеңес беріп, арнайы ем алу үшін Астананың және Алматының ғылыми орталықтарына жолдама берді.

Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауында қызу пікірталас орын алды. Медиация бойынша мәселелер белсенді талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанда Отбасы клубын құру, темір жол, мәдениет саласындағы қызметкерлердің зейнеткерлік жасы бойынша әулеметтік мәселелер қозғалды.

Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян Қазақстанда  бірыңғай тегін қысқа мобильдік нөмір құрып, сол арқылы түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізуді ұсынды.

Қайырымдылық акциялары арқылы біз өсіп келе жатқан ұрпақты рақымшылыққа,  мейірімділікке тәрбиелеп, қазіргі уақытта бірігіп жұмыс істеу, өзара қолдау көрсету керектігін жеткізу. 

Түстен кейін «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-нде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Теңдессіз сый» акциясы асында Қостанай қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне  кітаптар тапсырылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15