Татарстан Президенті Рустам Минниханов Қостанай облысының татар және башқұрт этностарын Сабантоймен құттықтады.

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қостанайлықтарға Татарстан Республикасы басшысының қолы қойылған құттықтау хатты   Татарстан Республикасының халық әртісі,  композитор, баянист және әнші Рамиль Курамшин әкеліп, сахнадан оқып берді. Ол Қазаннан Қостанайға осы құрметті миссиямен арнайы келді.  

14 маусым күні    облыстық татар-башқұрт «Дуслык» ЭМБ қалалық жағажайда ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша жер жырту - соқа мейрамына арналған халықтық сауық ұйымдастырды. 

-  Бұл татарлар мен башқұрттардың ең басты және көне мерекелерінің бірі, - деді ЭМБ төрағасы Ренат Бектемиров. – Оны, біздің ата-бабаларымыз екі ғасырдан бері өмір сүріп жатқан  Қазақстанда да халық жақсы көріп, тойлайды. Мысалы,  XIX ғасырдың соңы  –  XX ғасырдың басында Қазан мен Уфада тұратын көптеген бақуатты көпестер  енді ғана салына бастаған Николаевскке келген, Қостанай қаласының сол кезде осылай аталғаны тарихтан белгілі.  Облыстық Достық үйі қазір ағайынды  Яушевтердің үйінде орналасқан. Бұл  татар көпестері басқа да меценаттармен бірлесіп, қаладағы алғашқы мешітті салғызған. Ол үш жылдан кейін өзінің 125-жылдығын атап өтеді. Биылғы жылы біздің «Дуслык» этно-мәдени бірлестігінің құрылғанына 20 жыл толады. Бұл датаның Ассамблея жылымен сәйкескелгені өте қуанышты жайт.  Қоғамның құрылуы ісінің басында осыдан екі жыл бұрын дүниеден озған Закия Гарифовна Мухсинова тұрғанын айта кетуіміз керек. Ол туралы, сондай-ақ қауымымыздың екінші төрайымы болған, өкінішке қарай, былтыр мезгілсіз өмірден озған – Танзила Рашитовна Хакимова туралы біз үнемі айтып отырамыз, есімдерін есте сақтаймыз. Олар біздің орталықтың қалыптасып,   татар және башқұрт мәдениетінің, дәстүрлерінің, салттарының, тілдерінің дамуы үшін көп еңбек сіңірді. Енді олардан эстафетаны қабылдап алған біздер достық пен келісімнің жолын ұзартудамыз!  Атап айтқанда, осындай негіздер Қазақстанда қуана атап өтілетін Сабантуй мерекесінде қаланған. 

Айтқандай, мейрамға келгендердің әрқайсысы өзіне ұнаған бағдарламаны таңдап алды. Аға буын өкілдері ұлттық бояуға толы, татар және башқұрт тілдерінде айтылатын әндері мен ұлттық билері мол  концертті тамашаласа, жастар спорт секторына бет алды. Онда олар  армрестлинг,  гирь көтеру, сыйлыққа қол жеткізу үшін бағаналарға өрмелеу, ұлттық күресте күш сынасу сияқты спорт түрлерінде күш сынасты.   Сабантуйдың бас жеңімпазына жүлдкгк дәстүр бойынша тірі қой тиді.  Балалар безендірілген арбаға мініп серуендеп, одан кейін осы мерекеге арнап пісірілген палау,   чак-чак жеп, самауырда қайнап тұрған хош иісті шәй ішті. 

- Бұл мейрам біздің бәрімізді біріктіреді, осыдан кейін жылға жетерлік көңіл-күймен ораламыз! – дейді облыстық Достық үйінің директоры  Абдибек Божаков. – Сабантуй – астықты Қостанай облысында кеңінен тойланатын мейрам. Біздің аграршылар егінді дер кезінде егу үшін бар күш-жігерлерін салды. Ал бүгін еркін тыныстап, еңбек құралы – соқаға арналған мейрамға келді.  Қазақстандық барлық егіншілерге, зор денсаулық пен мол астық тілеймін! Біздің Қазақстан сияқты берекелі, қайырымды жерде тұратын этностар арасындағы бейбітшілік пен келісім мәңгі тұрақтасын!

Қостанай облысы әкімдігі Достық үйінің КММ баспасыөз қызметі 

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.