You are here

Облыстық Достық үйінде қостанайлықтарға көне қазанда пісірілген наурыз-көже таратылды

24.03.2017, 15:47   189

Версия для печатиPDF versionEPUB version

150 литрге жуық дәстүрлі дәмді наурыз-көже қала қонақтары мен тұрғындарына таратылды.

- Қазан –біздің отбасымыздың жәдігері. Биыл бұл қазанға 242 жыл толды. Біз осы жәдігерді бірінші рет Наурыз мерекесіне шығарып отырмыз. 1997 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Федоров ауданына келгенде, осы қазанда бешбармақ пісірдік. Ал бүгін бірінші рет наурыз-көже пісіріп отырмыз. Бұрын бұл сусынды қалай дайындаған? Қысқы қордан қалған жармалар, кепкен немесе қапталған ет барлығы бірге пісірілген. Әрине, әркімнің өз дайындау жолы болды.  Бірақ оттын үстінде пісіру – бұл дәстүр. Бұл қазанда 242 жыл бойы көптеген қажырлылық, жақсылық жиналды, сонымен біз сіздермен бөліскіміз келді, - деп қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жұмағали Арыстан айтты.

Сондай-ақ 150 кг бауырсақ және «Эребуни» армян қауымының өкілдерімен дайындалған 80 литр көже таратылды.

-Бұл көже мацун (ашымалы сүт өнімі) және дзавар (бидай жармасы) қоспасынан пісіріледі. Спас көжесі шипалы және әркімге сергектік, күш береді,- деп қауым төрағасының орынбасары Рачуи Геворгян айтып кетті.

Биыл Достық үйі 17 этномәдени бірлестікті құраған ортақ киіз үй құрды, оны киіз үйіндегі жинақты көріктендіріп тұрған шаңырақтағы 17 лента көрсетіп тұрды. Дастархан үстінде Наурыз, Новруз, Невруз, Нооруз рәмізін білдіретін – айна, сямяни (көктеп келе жатқан бидай), анар, алма, қант, чак-чак, пахлава, сарымсақ.

- Осы заттардың әрқайсысының өз мағынасы бар. Мысалға, сямяни Азербайжанда –табиғаттың жандануы, жаңа өмірідің дүниеге келуі, Түркияда сарымсақты үстел үстіне теріс күштерді қуу үшін, қант – молшылық, анар – денсаулық және ұзақ өмір сүру рәмізі, - деп «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Балажай Ардабаева айтты. Бұл мереке түркі халқына ғана емес, сондай-ақ славян халықтары үшін көктемгі күн мен түннің теңелуі. 21-22 наурыз қарсанында славян халқы қамырдан бозторғай пісірген. Осы құс бірінші ұшып келіп, көктемнің келгенің білдірген. Осының барлығын біздің киіз үйге келген қонақтарға айтып, көрсетіп тұрдық.

Киіз үй қасындағы сахнада Ходжа Насреддин  және Алдар Көсе жүргізген концерттік бағдарлама жүріп жатты. Сахнада этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнерлерін көрсетті.

- Наурыз барлық қазақстандықтарды біріктіруші бүкілхалықтық сүйікті мереке, - деп «Шарк» тәжік-өзбек қауымының төрағасы Эргашвой Холметов айтып кетті. – Бұл бейбітшілік, жақсылық және достық мерекесі. Шығыс данышпандылығы: «Құстың күші қанатта, ал адамның күші -достықта» деп бекерге айтпаған, сондықтан осы достықты, Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың бірлігін көктем және Жаңа жылдың басталу мерекесінде көрсетіп отырмыз! 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15