You are here

Облыстық Достық Үйі балалардың үлкен мерекесін ұйымдастырды.

07.06.2017, 14:58   316

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық үйінде, ертегі кейіпкерлерімен өрнектелінген акваруымдық суреттер, сабынды шоу,  ойын-сауық, торт, сыйлықтар және т.б осындай есте қаларлық естеліктерімен өткізілген  қайырымдылық бағдарламасы Қостанайда өмір сүріп жатқан уақытша балалалар мен жасөспірімдерге арнап  дайындалынды. Бүгінгі күні сол 4 жас пен 16 жас аралығындағы  адам саны - 35.

Баланың бәрі бірдей болғанымен, олардың тағдырлары әр түрлі. Әрине, әрқайсысы толыққанды отбасы болып  осындай мерекені өз үйлерінде атап өткенін қалаймын,-дейді балалар  үйінің директоры Меңдігүл Дощанова. Осы орайда,  облыстық Достық үйіне және этно-мәдени бірлестіктеріне бізді ұмыт қалдырмай,  балаларымызға осыншалықты  көңіл аударып, сыйлықтар әкеліп  бергендеріңізге  алғысымды білдіргім келеді. Бұл жолы біздің  балаларымызға Астана қаласында өтілетін "ЭКСПО-2017" жазғы лагері   көрмесіне  арнайы  өздерімен ала кететін  жаңа футболка мен кроссовкалар әкелді. Биылғы өткізілінген  «Балаларды қорғау күні!» - біздің мәңгі есімізде қалады.

Достық үйінде өтілген  «Балалық шағымның аспаны» атты этнофестиваль танымал шоу форматындағы  «Ең  Үздік»  үні көрермендеріміздің   жадында ең жарқын естеліктер  болып  қалады деп сенеміз. Жас қатысушылар- этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері сахнаға шыға сала,  бірінші минуттан бастап-ақ, өз таланттары мен таңдандыра бастады. Бірінші қатысушы - 4 жасар Артур Абрамян автакөлікпен залға кіріп,  автокөлік маркалары бойынша  бөлшектерін қалай оңай түсінетінін  көрсетіп өтті. Бәрінен де  ютубтегі жеке өзінің арнасы бар 5 жасар блогер Ева Кравцова өзінің талантымен, сүйкімділігімен барлығымызды жаулап алды. «Горцы-Ахыска»  ансамблінің бишілері де қарап қалмай, өздерінің  ұлттық лезгин биімен өрлей түсті және  8 жасар каратэші Дмитриий Савиннің де алғаш көпшілік ортада  аяқпен ағаш тақтайды сындырған сәтін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Көрермендер әрбір қатысушыны сахнадан  «Ең Үздік»  алақайлап қылыштары бар казактарды «Любо, братцы, любо» деп  айқайлап шығарып салып отырды. Бұл күні тек қазақ, қырғыз, өзбек билерін тамашалап қоймай, сонымен қатар, латын америкалық биін сомдаған халықаралық  бал биі бойынша жарыстардың 11- мәрте чемпионы  Илоны Тыш   бағдарламасын өз нақышына келтіріп орындағанына куә боласыз.

Біз этнофестиваліміздің атауын кездейсоқ таңдаған жоқпыз: біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған  трилогиясына  ұқсастығы  бойынша  таңдалды. Қазақстандық бейбіт  ашық аспан  астында  біріктіретін  әр түрлі этникалық топтардың өкілдері, яғни  бірлік  пен  бейбітшілік келісімде, отбасын  құрып, үй салып, бала өсіргенде ғана туған жердің дәстүрін жалғастыруда білікті бола алады дейді,- «Қостанай облысы әкімдігінің  «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Зульфия Набиева.

- Таран ауданында балаларды қорғау күнінде облыстық  Қоғамдық  келісім кеңесінің төрайымы  Ирина Сероустың бастамасы бойынша «Достық бұлағы» атты фестивалі өтті және  оған  балабақшалардың тәрбиеленушілері қатысты. Балалардың әрқайсысы өзінің нөмерінде, ән немесе би сияқты өнерімен, Қазақстанның  көп  ұлтты мәдениетін аша түскендей болды. Біз жыл сайын осындай фестивалдің ауданнан ауданға берілуі эстафетасын өткізуді ойладық, осылайша балалық шақ мерекесіне, достық пен мейірімділік қосылса қатысушылардың қатары бұдан да артады деп сенеміз.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15