«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 2 шілдеде сағат 11.00-де мемлекеттік тілді үйрету үшін ұйымдастырылған «Тіл мектебінің» жұмысы қорытындыланды. Жобаға қатысушылар Қостанай қаласында тұратын ұлт өкілдерінің балалары үш апта бойы «Тілдарын» бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйренді. Олар мемлекеттік тілді ойын түрінде үйреніп,  «Жас шешен» мектебінде шешендік өнерді үйреніп, «Кемеңгер» шығармашылық академиясында және де «Көңілді балалар» алаңына қатысып, қазақтың ұлттық «Тоғыз құмалақ», «Асық ату» ойындарын меңгерді. Тіл  үйрену жобасына небары 30 бала қатысты.

Бұл кезеңнің қорытындысы ретінде «Тіл мектебі» тыңдаушыларының қатысуымен, ата-аналар мен жоба ұйымдастырушыларға концерттік бағдарлама ұсынылып, онда оқушылар жобадан алған білімдерін ортаға салды.

Концерттің соңында балаларға алғыс хаттар табысталды. Ата-аналар тарапынан Вылуска Наталья Владимировна сөз сөйлеп, ата-аналардың алғыстарын білдіріп, «Тіл мектебі» жобасының көңілдерінен шыққанын айтып өтті.

Салтанатты іс-шара облыстық бұқаралық құралдарында кеңінен насихатталды.   

Қазіргі кезде облыс қалалары мен аудандарына Қазақстан халқының бірлігі тақырыбына мемлекеттік тілде эссе жазу, ән және өлең шығару туралы конкурс өткізу жөніндегі конкурстың ережесі жіберілді.  Конкурс қорытындысы үстіміздегі жылдың қазан айында шығарылады. 

«Мың бала» тілдік жобасының ұйымдастырушылары: Қостанай облыстық Тілдерді дамыту басқармасы, Қазақстан халқы облыстық Ассамбеясының хатшылығы.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.