You are here

«Мәдениеттер сұхбаты» - шекарасыз достық!

25.11.2016, 18:52   474

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Облыстық Достық үйінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жұлдызды күнінің» үшінші күні Ресеймен шекаралық ынтымақтастық шеңберінде «Мәдениеттер сұхбаты» жастар лагерінің жұмысына арналды.

Қостанайға Челябинскідегі Халықтар достығы үйінен қазақ, татар, армян, неміс және славян мәдениет орталықтарының делегациясы келді.  Қостанай Достық үйінің этномәдени бірлестіктері жастар қанатының өкілдері өздерінің іске асырып жатқан жобалары, іс-шаралары туралы қонақтарға айтып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Челябі өкілдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына және Ресей киносының жылына арналған баяндамаларын ұсынды. Ресей немістері кездесу клубының уәкілі Анна Герман Германия фашистерін жеңуге зор үлесін қосқан кеңестік немістер туралы айтты:

- Николай Гастелло, Николай Гефт, Рихард Зорге – осылардың бәрі өздерінің этникалық шығу тегі бойынша неміс болғанымен, Кеңес одағында туып өскен, бірақ бұрын оны талқыға салмаған және олардың ұлтына ешкім мән берген емес.  Осыған қарамастан, XVIII ғасырда Екатерина II манифесі бойынша олардың үшеуінің де ата-бабалары қоныс аударған жерінде туып-өскен елінің нағыз патриоттары болып, Кеңес одағының батырлары атағын алған.

- Ресейде тұрсақ та, біздің Троицк қаласында тұратын қазақ ұлтының өкілдері қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын сақтау және насихаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Біз өзіміздің туған тілімізді ұмытпаймыз, біз дәстүрлі түрде Наурыз мерекесін кең атап өтеміз, - деп айтып кетті Троицк  қаласы  қазақ мәдениет орталығының белсендісі Венера Шакенова.  - Совет одағының Батырлары – 28 панфиловшыларды, Сұлтан Баймағамбетовты, Әлия Молдағұлованы, Мәншүк Маметованы құрмет тұтамыз және есте сақтаймыз.   Даңқы ғасырлардан асқан жерлестерімізді мақтаныш етеміз! 

Өздерінің негізгі бағдарламаларына қоса Челябинск өкілдері қызықты сәнді-қолданбалы бұйымдар көрмесін әкелді. Коркин қаласының шебері Светлана Зверева қолмен кестелеген сүлгілер, орыстың ұлттық костюмдерін, әйелдердің бас киімдерін ғана әкеліп қоймай, сондай-ақ Ресейде ежелден үлкен мән берілетін қуыршақ-тұмар жасау бойынша шеберлік сабағын ұсынды. Жастар лагерінің тәжірибелік бөлімнен кейін Челябинск өкілдері жаңадан ашылған облыстық мешітке, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасына және сирек кездесетін экспонаттар мұражайы орналасқан Неміс мәдениет орталығына экскурсияға барды.

Жастар лагерінің жұмысы түрлі тілдегі әндер айтылған концерттік бағдарламамен және мерекелік қонақасымен аяқталды. Соңында балалар өз қолымен салынған естелік ашық хаттарымен алмасып, келесі жылы осындай диалог алаңында кездесуге тілектерін білдірді.

«Қостанай облысы әкімдігінің 

«Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15