You are here

Мартиросян отбасы Армениядан жүлдемен оралды!

12.12.2016, 16:51   296

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Армения  Республикасы Диаспора министрлігі,  Дүниежүзілік армян конгресі және Ресейдің Армян одағы 2010 жылдан бастап тарихи отанынан тыс жерде тұрып, өз мәдениетін, дәстүрін, салт-дәстүрін насихаттайтын ұлт өкілдері арасында «Армян дәстүрін сақтауға айтарлықтай үлес қосқаны үшін» байқауын өткізіп келеді. Марапаттау рәсімі Арменияның Диаспора министрлігінде қараша айында өтті. Ереванаға  арнайы  Қостанайдан  барған Мартиросян  отбасы  «Дәстүрлі  армян  отбасы» номинациясы бойынша үшінші сыйлыққа ие болды.

- Бұл  біз  үшін үлкен  құрмет, себебі бұл байқауға бүкіл әлемнің армяндары қатысып отыр, үміткерлер арасында үлкен  іріктеу жүріп жатыр,- деді Қостанай облысы "Эребуни" Армян  қауымы  төрағасының  орынбасары  Рачуи Геворгян. - Біздің отбасы ең алғашқы күндерінен бастап  осы  армян этномәдени  орталығымен  тығыз байланыста. Менің ұлым Рач – "Миасин"  жастар қанатының  көшбасшысы, ал қызым Гаяне – осы қанаттың  белсенді мүшесі. Гаяне ән айтып, би сабағын жүргізіп қана қоймай, облыстық телехабар бойынша авторлық бағдарлама жүргіп келеді. Рач – барлық іс-шаралардың ауысымсыз жүргізушісі, шоумен, КВН-ге қатысушы.

Осы жерде мынаны атап айтқым келеді: бізде, Қазақстанда жүргізіліп отырған этносаясаттың арқасында, біз сияқты басқа этностар да өз тілдері мен мәдениетін дамытуға мол мүмкіндікке ие.

Байқауға өзіміздің жұмысымыз туралы материалдар жинағын, фотосуреттер жіберген болатынбыз, бірақ жеңіп аламыз деп ойламадық.  Үшінші орынды  илену, біз үшін  үлкен  тосын сый болды! Біз  Қазақстанда  өмір сүре  отырып, өз елімізді мақтан етеміз. Басқа ұлт өкілдеріне өзіміздің түп-тамырымызды, шыққан тегімізді  таныстырудан  еш  жалықпаймыз. Сонымен қатар Ереванда болған кезде Гаянеге  режиссер  Филипп  Погосяннан  көркем фильмге  түсуге  ұсыныс түсті, ол бұл ұсынысты қуана-қуана қабылдады.

Ұйымдастырушылардың дұрыс шешім қабылдағанын «Эребуни» қауымының төрағасы Тигран Бадалян растады.

- Мартиросян отбасы осындай марапатқа лайық. Мартиросян  отбасы әрбір іс-шараларға  ұдайы қол ұштарын созады, белсенді қатысады. Өз  жеңісі туралы қуанышпен  Мартиросян  отбасы  Достық үйінде "Эребуни" өкілдері қауымымен өткізілген жаңа жылдық  ертеңгілікте бөлісті. Концерттік  бағдарлама  әнмен, бимен сүйемелденіп, мерекенің әр қонағына тәтті сыйлықтар мен кәдесыйлар   таратылды. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15