You are here

«Латын әліпбиіне көшу - Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең»

18.10.2017, 11:27   454

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осындай атаумен  Қостанай облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі мүшелері, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының қоғамдық қабылдауы жөніндегі аймақтық кеңесі мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Достық үйінің залында іс-шараға дейін қатысушыларымыз  Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырған «Тіл - ұлттың жаны» тақырыптық көрмесінде өткен ғасырдың  20-40 жылдары араб тілінен латын қарпіне, латын әріптерінен кириллициаға ауысуына байланысты мұрағаттық құжаттармен танысуға мүмкіндігі болды.

- Кириллицадан латын тіліне көшу – бір үлкен отбасыдай тұрып жатқан барлық қазақстандықтарға,  бүкіл ел үшін тарихи оқиға, - деді өз сөзінде филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚХОА ғылыми-сараптау тобының мүшесі Марьяш Кадралинова. - Ешкімде алдағы өзгерістерден шетте қапы қалмауы керек, өйткені бұл әлемнің ең дамыған және табысты 30 мемлекетіне кіруге ұмтылатын тәуелсіз, егемен еліміздің тарихындағы жаңа кезең. Әрине, көшу процесінің өзі өткелі кезең-кезеңмен, жүйелі болады. Біз бәріміз де,  бұл стратегиялық маңызды кезең екенін түсінуіміз керек.

- Латын әліпбиіне көшу біздің еліміздің мәртебесін арттырып, латын алфавиті басым болатын әлемдік қоғамдастықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - деді Ахмет  Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ тілі мұғалімі, облыстық аналар кеңесінің мүшесі Ақжан Алтыбаева.- Жаңа жазба тілімен біз қазақ тілінің ерекшеліктерін жоғалтпаймыз, керісінше, ол ауызша және әдеби кеңістікте танымал болады.

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 18 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15