You are here

ҚР Гимнін бір мезгілде орындау, веложарыстың басталуы, патриоттық тақырыпқа арналған бейнероликтердің жеңімпаздарын марапаттау, аспанға көк және сары түсті шарларды ұшыру – Қостанайда Мемлекеттік рәміздер күні тап осылай атап өтілді.

04.06.2015, 20:21   1917

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 

ҚР Гимнін бір мезгілде орындау, веложарыстың басталуы, патриоттық тақырыпқа арналған бейнероликтердің жеңімпаздарын марапаттау, аспанға көк және сары түсті шарларды ұшыру – Қостанайда Мемлекеттік рәміздер күні тап осылай атап өтілді. 

Ең алдымен Сити-орталықтағы алаңда  қала тұрғындары мен қонақтарды, студенттерді, оқушыларды, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, ҮЕҰ көшбасшылары мен белсенділерін, еңбек ұжымдарын қамтыған, барлығы 1000-нан астам адамды жинаған Патриоттар форумы өтті.   Форумға қатысушылар қолдарына көк, сары шарлар, жалаушалар ұстап, бәрі бірге: «Менің елім – Қазақстан», «Люблю тебя, мой Казахстан», «Когда мы едины – мы непобедимы», «Один народ – одна судьба – один лидер», «Қазақстан, алға, биiке самға!» деп ұрандар айтты. Содан кейін жиналғандар Қазақстанның гимнін орындады.  

-          Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Респбликасының Президенті  – Елбасы Нұрсұлтан   Назарбаевтың басшылығымен бейбітшілік пен жасампаздық идеясын алға бастырушы патриоттар командасы қалыптасты. Қазіргі Форум ерекше, ол біздің мемлекетіміздегі мерейтойлық даталар жылында: Қазақстан халқы Ассамблеясының  20жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілетін жылы өткізіліп отыр.  Біз – қазақстандықтар, өз елімізді, оның жетістіктері мен табыстарын  мақтан етеміз!  Жастар, сіздердің бақытты, алаңсыз өмір сүрулеріңіз үшін Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда! Сондықтан да сіздер өз елдеріңіздің нағыз патриоты, оның «құрылысшылары мен сәулетшілері» болуларың керек! Республика игілігі үшін шаршамай, жасампаздықпен жұмыс істеңдер, қиялдарың ұшқыр болсын!   - деп атап көрсетті  Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев.

Одан кейін Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырып, 2015 жылғы мерейтойлық даталарға арналған бейнероликтер конкурсының жеңімпаздары дипломдармен және планшеттермен наградталды.  Конкурс екі айға созылды, осы уақыт ішінде өңірдің түкпір-түкпірінен  50-ден астам жұмыс келіп түсті. Нәтижесінде жеті қостанайлық ең үздік жұмыстардың авторы атанды. Енді бұл бейнероликтер жұмыста пайдалану үшін өңірдегі кітапханалар мен оқу орындарына беріледі. 

Салтанатты шарадан кейін сахнаға жас қостанайлықтар – балалар бақшаларының тәрбиеленушілері көтеріліп, туған жер, Қазақстан, достық және қазақстандықтардың бірлігі туралы тақпақтар оқыды.  Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның этноквартеті  «Отан Ана» патриоттық композициясын орындап, оны қазақ халқының адал ұлы, талантты композитор әрі  әнші   Батырхан Шүкеновті еске алуға арнады.

Көрермендердің қол шапалақтауымен веложарыс басталып, оған 50 велосипедші қатысты.  Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің үздік тәрбиеленушілері– облыстық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары, облыстың мақтаныштары мен үкілеген үміттері Қостанайдың орталық көшелерімен жүріп өтті. 

«Қостанай облысы әкімдігі Достық үйі» КММ Баспасөз қызметі

 

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15