You are here

Қостанайлықтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Болашақ энергиясы» атты жастар бірлестігі арасында волейбол турнирін арнады.

07.06.2017, 17:43   236

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жастар ұйымдарының арасындағы  жарыстың ұйымдастырушы облыстық Достық үйі болды.

Турнирдің  ашылуына  екі айтулы оқиғаларға негіз болды – олар  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы  және  «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі себепкер болды.Жарысқа барлығы 10 команда қатысты. Олар: Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті , Қостанай облысы әкімдігінің облыстық Достық үйі, Облыстық балалар үйі, Облыстық аймақтық кәрістер қауымдастығы, «Эребуни» армян қауымы, «Атлант» жастар ресурстық орталығының  құрама әуесқойлары.

- Көпшілік ойлағандай футбол емес, волейбол - әлемдегі ең  танымал ойындардың бірі, - деп атап өтті құттықтау сөзінде турнир төрешісі Елена Мирошниченко.

Біз Қостанай Достық үйі осындай турнир ұйымдастырғанына өте қуаныштымыз,  байқаудың бәсекелестік рухына қарамастан,  біздің команда бәрін бір мақсатта біріктіреді,  спортта  және салауатты өмір салтын беруде жастар үшін ең маңызды болып табылады. Өскелең ұрпақ- болашақ энергиясы, олар ең ірі әлемдік жарыстарға ат салысып тәуелсіз мемлекетіміздің байрағын көтеріп бізді барлық елге танытады, біз оларды мақтан тұтамыз.

Жалпы, турнир өте жарқын және тартысты өтті. Әрбір ойын есте қаларлықтай болды, бірақ ең соңғы нәтижені  әрине финал береді. Бұл күні мұнда екі облыстық құрама мықты команда  деп танылды. Олар Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті және Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті . Ойынның нәтижесінде соңғы минуттарда ғана  пайда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті командасына бұйырып, олар кубокты жеңіп алды. Үшінші орынды «Атлант» жастар ресурстық орталығының  құрама әуесқойлары иеленді. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды. Ал, қалған командаларға жарысқа қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Болашақ энергиясы» атты турнирі ендігі кезекте бұдан былай да жыл сайын дәстүрге айналып тұрақты негізде өтетін  болады .

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15