Қостанайда Сабантой мерекесі өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қостанайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы саябағында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйі мен "Дуслык" татар этномәдени бірлестігімен ұйымдастырылған татар халық мерекесі Сабантой (соқа мерекесі) өтті. Татар билері, әндері, жүлдеге қойылған қой үшін күрес, чак-чак, бялеш, айранның ішінен тиындарды іздеу ойындары – Сабантой мерекесінен орын алды.

Жағалауда бірнеше аймақтар жұмыс істеді: концерттік алаңы, ұлттық тағамдардың көрмесі, спорттық жарыстар мен  халық ойындары.

Бағдарлама мың бұралған бишілердің бірнеше биімен ашылды. Сахна шымылдығын қазақтың ұлттық киімдерін киген "Зарянка" (Қостанай) балалар би ұжымы ашып, «Танцевальная графика» (Жітіқара) бишілері мен «Інжу-маржан» (Рудный) бишілері көрермендерді қуантты.

Салтанатты бөлімде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан татар ЭМБ белсенділері: Шамиль Капкаев, Адиба Фахриева, Асия Фаизова, Рамиль Баймухаметов, Гульнара Латыпова, Радик Вильдянов, Валерий Гумиров алғыс хаттармен марапатталды.

Қостанайлықтарды және қала қонақтарын құттықтауға Қазанның әртістері – Шахзот Розметов мен Эльвира Гиматдинова келді. Татарстанның жұлдыздары көрермендердің көңілін көтерді. Әртістермен қосыла ән айтып, би билеген халық риза болды.

Салтанатты бөлімнен кейін концерттік бағдарламаны әр облыс аудандарынан келген ұжымдар мен әртістер жалғастырды.

Бұл кезде басқа алаңда ұлттық тағамдар көрмесі ашылды. Қостанайлықтарға  салмағы 25 келі безендірілген чак-чак ұсынылды. Аспаз шебері сайысына қатысушылар қазылар алқасына: эчпочмак, бак-балиш, кош теле, ет бәліштері – кубете, губадию, кыстыбый,  кабартму, каймак бәлише, баурсаки, калкыш калеве, альбу тағамдарын ұсынды.

75 жастағы ата Рафаэль Мұхамадиев жеңімпаз атанды. Ол өте дәмді татар десерті – альбаны дайындаған болатын.

Спорттық жарыстар үлкен дүрбелең туғызды. Қостанайлық батырлар ұлттық күресте кім мықты екенін дәлелдеді. Жеңімпазға мерекенің бас жүлдесі қой табысталды.  Жарыс кір тастарын көтерумен жалғасты, күш пен ерліктің көрінісі орын алды. Армрестлинг ойынында білек күшін сынағандар да болды.

Балалар да ойын-сауықсыз қалған жоқ. Алаңда күні бойы күлкі, шапалақ және көңілді дауыстар естілді. Балалар қаппен жүгіру, шикі жұмыртқаны қасықпен тасу, таяқпен құмырыларды бұзу бойынша жарысты. Қатысушыларға көзді байлап тастап, таяқшалармен құмыраларды бұзу ойыны өте ұнады. Қатысушылар бірін-бірі қолдап,  бағыт беріп, көмектесіп отырды. Ең үлкен қызығушылық туғызған ойынның бірі «Айранның ішінен тиынды ал» болды. Айранның ішінен тиынды алып шығу үшін қатысушылар бір литр сусынды ішуге мәжбүр болды, енді басқалары бетімен айранның үстінде жүзуге мәжбүр болды. Бұл сайысқа кішкентай балалар да, ересектер де қатысты.

«Тамаша мереке! Өте көңілді, менің балаларым мәз-мейрам. Олар алдымен  жастықтармен бөренеде жарысты, содан кейін қаптармен секірді, құмыраларды бұзып, беттерімен айранға малынды. Тіпті чак-чактың да дәмін таттық. Концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады. Біз жыл сайын "Сабантуй" мерекесіне қатысуға тырысамыз», – деп бөлісті өз әсерімен Фарида Валитова .

Шара соңында белсене қатысқандар сыйлықтармен,  грамоталармен марапатталды.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.