You are here

Қостанайда Олимпиадалық ойындарға қатысатын спортшыларға қолдау көрсету іс-шарасы өтті

13.02.2018, 14:37   72

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Достық  үйі мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай қалалық балалар үйі мен аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылары үшін жаппай мұз айдынында коньки тебу және Қостанайлық олимпиадашылар Денис Кузинға, Анастасия Крестоваға және Виталии Пухкалоға қолдау көрсету  қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Ашылу  салтанатында  қатысушыларға және  спортшыларымызға  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәжит Шүленов, спорт басқармасының басшысы  Евгений Вильямс, Денис Кузиннің бірінші жаттықтырушысы Петр Пастушенко өз сөздерінде жеңіске жетуге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, сахнаға  Олимпиада қатысушыларының ең жақын туысқандары көтерілді. Ол Денис Кузиннің әжесі Светлана Григорьевна Қарайченцева, Анастасия Крестованың ағасы Вадим Корниенко және Виталия Пухкалоның жары Анастасия Пухкало .

Олар өздерінің спортшыларына алаңдатушылық танытып,  қатысып жатқан балаларға  да осындай спорттық биіктерге жетуін тіледі.  Айта кетсек, Денисті әжесі дәл осы  коньки тебу спорт  секциясына   әкеліп,   Петр Пастушенконың  қамқорлығына берген болатын. Ол өз немересін өте сирек көрсе де , өте мақтан тұтады.

Шорт-трек  қатысушысы Анастасия Крестованың Қостанай облысындағы әйелдер спорты үшін жаңа серпіліс, өйткені тамаша қызымыздың қысқы олимпиада ойындарына қатыспағанына көп жылдар өтті. Шаңғы жарысы  секциясының   спортшысы Виталий Пухкало лицензия алу үшін соңғы күнге дейін тырысты, және оған қол жеткізді.

Онда тәрбиеленген Кузин мен Пухкалоның  жетістіктерін көрсету үшін облыстық №3  БЖСМ,  мұз айдынына қостанайлық әртістердің  әніне  конькишілер мен хоккейшілер ортаға шықты.

Іс-шараның басты  қатысушылары балалар болды. Олардың көпшілігі конькилерге алғаш рет тұрғандықтан,  оларды  тәлімгерлері  алып шықты. Кішкене конькиде тұра білетіндері өз беттерінше дербес сырғанауға тырысты. Олар қанша құласа да, беріспей қайта тұрып сырғанай жөнелді. Ал, сахнада балалар мен жастардың орындауындағы  спорттық және патриоттық әуендер қойылды.

Сонымен қатар, қатысушыларымыз жылыну үшін, киім ауыстыратын бөлмелерде ыстық шай, жылы бауырсақтар мен тәттілер таратылды. Бұл іс-шара үшін  арнайы 50 кг бауырсақ пісірілді. Әсіресе, Қостанай қаласындағы  балалар мен жасөспірімдерге арналған  баспана мен  балалар үйінің  15 тәрбиеленушісі өте қуанды. Олар сырғанақты соңына дейін тепті.

Конькиде тұра алмағандар іс-шараның соңына қарай,   өздерінің тәлімгерлеріне  бұл күрделі өнерді меңгергенін қуанышпен жеткізді. Әрине,  бірнеше рет құлап, көтерілуге ​​тура келді, бірақ  біз нәтижесінде көздегенімізге жеттік.

-Міне, қараңыздар мен конькимен өзім жүгіріп жүрмін,- деп  балалар өздерінің тәрбиешілеріне  қуанышпен айтты.

Аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан тағы 35 баланы қалалық мектептердің әлеуметтік педагогтары мен оқытушылары алып келді.  Олардың жартысы конькиде тебе алғандықтан мұз айдынында нық тұрды. Коньки теппеген  ешқандай адам қалмады, бәрі де мәз-майрам болды! Соңғы әнді ҚХА ансамблі орындады. Балалар мұз  алаңын  мәз  болған қалпында беттері қызыл шыраймен ұласқан түрде тарады. Оқытушылар, мұғалімдер және әлеуметтік тәрбиешілер жалдау ақысы үшін алғысын білдірді.

- Ұйымдастырушыларға көптен-көп рахмет.  Біздің балаларға өте ұнады, олардың көбісі бұрын ешқашан конькиде тұрмаған және  де Спорт сарайында болмаған. Олар үшін бұл  шынайы мереке,  қараңыздаршы әр баланың көзі жанып тұр. Олар  қазірдің өзінде шаршап тұрса да, дегенмен тіпті  мұз айынан кеткілері  де жоқ. Біздің олимпиадашыларымызға сәттілік серік болсын деп тілейміз.

Біздің балаларымыз үшін олар  пір, үлгі  тұтарлыққа айналады деп үміттенеміз және сіздердің  іс-шараларыңыз оларды өмірдегі дұрыс жолды таңдауға шақырады , - деп атап өтті Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасының өкілдері.

Ұйымдастырушылар қоштасар сәтте, балалар үйінің тәрбиленушілеріне, үйлерінде асықпай шай ішу үшін шамамен  20 кг бауырсақ берді.

Облыстық Достық үйінің баспасөз қызметі.

Фото Георгия ШАПОВАЛОВА

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 13 Ақпан, 2018

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15