Қостанайда ҚХА жылы аясында көп балалы аналар форумы өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Форумда өңірдің 30 этномәдени бірлестігінің өкілдері Қазақстан Президентіне  үндеу жариялады.  
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері,  облыстың көп балалы аналары атынан Сізге, Ұлт басшысы – Елбасына біздің балаларымыз, біздің отбасыларымыз, біздің болашағымыз  үшін жасаған еңбектеріңізге зор алғыс білдіреміз. 
 Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің өтініштерін қарап, Сіздің кандидатураңызды алдағы мерзімінен бұрын  өтетін ел Президенті сайлауына ұсынуыңызды қалаймыз.  Сіздің есіміңізбен біздің барлық демократиялық мемлекеттің дамуы, еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығымыз, оның әлемдегі беделінің өсуі және біздің ұрпағымыздың өмірі және дамуы үшін жағдай жасалғандығымен байланысты.
    Кеңеске өңірдің  белсенді аналары мүше. Солардың бірі – Қостанай ауданы Алтынсарин ауылының тұрғыны Гүлжаухар Төлегенова. Ол жолдасымен бірге 9 бала тәрбиелейді, оның сегізін – асырап алған.  Былтыр аудан әкімі Төлегеновтер отбасына балалар үйін салуға жер телімін бөлді. Форум соңында облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Бағытұр Дандыбаев құттықтау тілегін жолдады. 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.