You are here

Қостанайда қайырымдылық концерттері өтіп жатыр

01.08.2017, 18:05   393

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Облыстық Достық үйінің шығармашылық тобы Рудный және Федоров аудандарының қарт және мүгедектер интернат-үйіне қонаққа барып қайтты.

Қазақстандық қоғамда этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға мүмкіндік туғызу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара этностардың мәдениет күні, «Үлкен ел-үлкен отбасы» республикалық жобасы шеңберінде өткізілді.

«Осы жобаны біз екінші жыл өткізіп жатырмыз, бұрын ол «Достық керуені» деп аталған еді. Былтырлары концерттік бағдарламалармен аудандарға шығып, мәдениет үйлерінде концерт ұйымдастырсақ, осы жылы аудиторияны өзгертіп, бірқатар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруды шештік. Бірінші концертімізді Астана күніне арнап қостанайлық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында өткіздік. Кейін Рудный, Федоров аудандарына шығып, этномәдени бірлестіктердің белсенділері өз өнерлерін көрсетті, - дейді «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Зульфия Набиева айтты.

Рудный, Федоров аудандарының көрермендері әртістерге қол соғып қошеметтеп, өткізілген жарыстарға белсенді қатысып отырды.

«Қай тілде өлең айтылып жатса да, түсініп жылы қабылдағаны жанға жайлы. Өлеңнің жаны мен тілі бар, және оны біз көрермендерге жеткізуге тырыстық. Биыл Достық үйінде «ҚХА» және «Вольница» деген екі вокалдық ұжым құрылды. Оған түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері кірді», - дейді облыстық Достық үйінің музыкалық жетекшісі Светлана Обухова.

Көрермендер таныс әуенді естіп қалса, әншілерге қосыла ән шырқайды. Бір сағаттық концерттен кейін тыңдаушылар Достық үйінің шығармашылық тобына қарттар күні қарсаңында қайта келулерін өтінді. Бұл тілектері әрине орындалатын болады.

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 2 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15