You are here

«Әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін мақтан етеміз!»

11.05.2017, 11:11   329

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осындай атаумен Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы мамыр айында  Жеңіс күні мен  Отан қорғаушылар  күнін  атап өтті. Өткізу орны болып Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, 6697-әскери бөлімі таңдалды және де олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығымен  бірге осы жылы өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының әр түрлі этномәдени бірлестіктерінен келген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, интернационалист жауынгерлерді, тыл еңбеккерлерін әскери бөлімінің командирі Ерлан Ипатов, бөлімнің жеке құрамы,  облыстық алғашқы әскери дайындық орталығының оқушылары сәлемдесіп, салтанатты түрде қарсы алды. Бағдарлама барысында сарбаздар өз жауынгерлік өнері мен қызметтік иттердің өнерін көрсетті.  Бәрімізді таңғалдырғаны  бельгиялық бақташының  арнайы дайындалған Чара деген әскери иті  жәшіктегі жасырылған есірткіні  аз ғана уақытта тауып алғандығы болды. Чараның жаттықтырушысы Марс Хорисовтың айтуы бойынша олар жазда Астанаға «ЭСКПО-2017»   көрмесінде қоғамдық тәртіпті қорғауға бірге аттанбақ екен.

Кейін ардагерлер қару-жарақ көрмесін аралады, содан кейін олар  арнайы дайындалған әскери бөлімнің залында  облыстық Достық үйі мен әскери оркестр әртістерінің қатысуымен  ұйымдастырылған концертті көруге барды.

Ардагерлер «Қараңғы түн», «Смуглянка», «Эх, дороги» әндерін әртістермен бірге қосылып шырқады, ал кейін орындарынан тұрып би биледі. «Дуслық» татар-башқұрт қауымдастығының өкілі 97 жасар Адиба Фахриева  жасының ұлғайғандығына қарамастан, бағдарламаны жүргізушімен бірге ортаға шығып би  биледі. Іс-шара соңында қонақтар асханаға барып, солдаттық ботқадан дәм татты.  Қонақтарға майдандық 100 грамм да ұсынылды.  Дастархан басында  ардагерлер соғыс уақытында өткен шақтарын еске алды.

Бүгінгі жастарға қарап өзімнің жастық шағым есіме түсіп кетті,- деп бүгінгі кештен алған әсерімен бөлісті партизан қозғалысының мүшесі Леонид Дячков. Ол өзінің секіруден спорт шеңбері болғанын, парашютпен 98 рет секіргенін, мәскеулік жастарға   спорттық парашютпен секіруді қалай үйреткенін  есіне алды.  «Бүгінгі өсіп келе жатқан жастарға қарап қызықтым, ал мен қазір  90 жастамын. Дегенмен де, маған не менің досыма ұшақ беретін болса, мен ештеңеге қарамастан  бүгін-ақ парашютпен секіруге тәуекел етер  едім. Грек этномәдени бірлестігінің өкілі Кирьяки Афендулиди де әлі бала бола тұра үлкендерге,  солдаттарға, жауынгерлерге  орманда ағаш жарып, бұтақтарды тасуға қалай  көмектескенін есіне алды.

Бұталармен біз автомобильдерді жауып жасырдық,-дейді Кирьяки Аврамовна. Мысалы машина жүріп келе жатса, ол жоғарыдан жақсы көрінеді, содан бомбылау басталады. Ал машиналарды бұтақтармен жапқан кезде, оларды көру қиын болады.

Түстен кейін ардагерлерге азық-түлік пакеттері сыйға беріліп, үйлеріне жеткізілді. Олар өз кезегінде мерекені ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жаудырып жатты, өйткені «қазіргі заманда егде адамдар үшін назар аударудың өзі өте қымбат дүние» деп қуаныштарын жеткізді ардагерлер.

Қазіргі аумалы-төкпелі заманда, қақтығыстар тұтанған жағдайда, соғыстар басталады, ал түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан кез келген елде бейбітшілік, ынтымақтастық, келісім болған жағдайда тұрақтылық орын алады.  Біздің көп ұлтты Қазақстанды және баға жетпес әлемімізді қорғауымыз керек, әрқашан аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын, - деді  Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім»  КММ басшысының орынбасары Балажай Ардабаева.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15