ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ– АДАМ ЖАНЫНЫҢ НҰРЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі Половниковка ауылында өрттен аман қалған отбасы қайырымдылық көмек көрсетті.

Осы жылдың қазан айында электр қондырғыдағы қысқа тұйықталу нәтижесінде өрт шығып Базаровтар отбасының үйі және барлық заттары жанып кеткен болатын. Төрт баласымен далада қалған отбасы иелері бастапқы кезеңде жолдастарының моншасында тұрған болатын. 

Ауыл тұрғындары жерлестерін қиын жағдайда қалдырмай, келесі жылдың наурыз айына дейін Базаровтар әулетіне уақытша тұрғын үй ұсынды.

Базаровтар отбасына қол ұшын беріп, көмек көрсету үшін облыстық Аналар кеңесі жолға шықты. Олар «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен  бірге Половниковка ауылына келіп, көмек ретінде отбасыға жылы киімдер, азық-түлік, кеңсе тауарларын, кітаптар, ойыншықтар, төсек-орын жабдықтарын сыйлады.

«Біз адамдар қайғысына қарап тұра алмаймыз, оған қоса көп балалы отбасы қиындыққа тап болды. Біз барлық қостанайлықтарды Базаровтар отбасына көмек көрсетуге шақырамыз, барлығымыз қол ұшын берсек үй сатып алуға керек сома жиналып қалар деген үміттеміз. Қазақ халқы ежелден өздерінің бірлігімен танылды. Осындай тамаша дәстүрдің бірі «асар» болып табылады. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, баршамыз осы жанұяға көмек көрсетсек жақсы болар еді. Жақын арада бұл отбасы тұрақты үй табады деп сенеміз», - деді өз сөзінде  облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Шушаник Саркисян.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.