You are here

Этносаралық тақырыпқа арналған ұжымдық монография

29.11.2016, 12:54   471

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бұл жұмыс – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың басшылығымен 33 автор дайындаған ортақ еңбек.

Ұжымдық монографияны әзірлеуге және іске асыруға Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, хатшылық басшылары ғана емес, сондай-ақ Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының қоғамдық құрылым басшылары, ішкі саясат, діни істер, мәдениет басқармасының басшылары, өңірдің мемлекеттік органдары қатысты. Ірі ғалымдар арасында бес ғылым докторы, облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері  Еркін Әбіл, Владимир Гершун, Марьяш Қадралинова, Наталья Ким, Дмитрий Легкий бар.

- Кітап шағын таралыммен – 500 дана болып шықты, оның барлығы облыс кітапханаларына таратып берілетін болады, сондай-ақ ҚХА және тарих кафедрасының әдістемелік құралы ретінде болады, - деп айтты облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов. – Бұл монография Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы кіретін маңызды стратегиялық идеяларын іске асыру бойынша үлкен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және зерттеу қызметін жүргізетін біздің ҒСТ мүшелері жұмысының қорытындысы болды.

Біз түрлі семинарлар, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер өткізіп, дәріс оқимыз, диалог алаңдарына қатысып, осы іс-шаралар арқылы «Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығын, құндылықтарын және рәміздерін жас ұрпаққа жеткіземіз. «Қазақстандық отбасы дәстүрін нығайту – мемлекетті дамыту жағдайы» атты (Қостанай облысының материалдары бойынша) кітаптың тұсаукесерін біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнадық. Осы монография Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған және Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған Республикалық ғылыми байқауда Гран-приге ие болды.  

 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15