You are here

«Достық көпірі» жобасы шеңберінде

29.06.2017, 18:00   1837

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 27 маусымда Астана қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі таныстырылымының бағдарламасы аясында, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мерзімінде ҚХА мүшелері Литва Республикасының делегациясымен кездесті.

Іс-шара барысында қонақтар ҚР Ұлттық музейіндегі ҚХА   залындағы «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі» экспозияциясымен танысты.

Өз кезегінде қонақтар елімізде тұрып жатқан түрлі этностық топтарға тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі Қазақстанның оң тәжірибесін атап көрсетті, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп отырған бейбітшілік пен келісім саясатын Литва Республикасы жоғары бағалайтынына сендірді.

***

2017 жылғы 28 маусымда Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алматы облысы этномәдени бірлестіктерінің  белсенді жастарымен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының негізгі аспектілерін талқылады.

Жастар бұл мақаланың рухани жаңғыру процессінің негізгі күші, бастаушылары болатын қазақстандық жастарға арналғанын айтты.

Пікір алмасу барысында барлық қатысушылар мемлекеттік тілді жетік меңгергендігін көрсетіп, жастар арасындағы рухани жаңғыру процессі жүріп жатқанын, Мемлекет басшысының бастамалары әрқашан жастар тарапынан қолдау табатындығын атап өтті.

***

2017 жылғы 29 маусымда «Достық көпірі» қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі таныстырылымы бағдарламасының шеңберінде Ассамблея өкілдері Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Довлетгелды Режепов бастаған Түрікменстан делегациясымен кездесті.

Іс-шара барысында Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогты одан әрі дамыту мәселелері, гуманитарлық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары талқыланды.

Одан басқа, кездесуге қатысушылар ҚХА-ның халықаралық серіктестігі шеңберінде онымен іс-қимыл жасау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері  мәселелерін талқылады.

Қонақтар Астана қаласы бойынша арнайы экскурсияны   тамашалап, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15