«Достық керуені» жолға шықты!

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қостанай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының екінші кезеңі басталды. 

Үш ай ішінде ұйымдастырушылар  – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қостанай облысы әкімдігінің Достық үйі»  КММ  өңірдегі 16 ауданның және үш қаланың барлығын ҚХА қызметі туралы дәрістермен және «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру үшін аралап шығуды жоспарлап отыр. 

Сапарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қоғамдық келісім кеңестерінің, Достық үйінің ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері тартылған.   Спикерлер  ОҚХА-дағы өздерінің қоғамдық қызметтері туралы  әңгімелеп қана қоймай,жергілікті халықтың сұрақтарына да жауап  береді. Өйткені   «Достық керуені» - бұл «Стратегия-2050» стратегиясының негізгіережелерін, «Мәңгілік Ел» патриоттық  актісінің,  Президенттің Қазақстан халқына жолдауларын, Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасын түсіндіретін диалог алаңшасы болып  табылады. 

Керуен бағдарында тоқтайтын жер Алтынсарин ауданы кездейсоқ таңдалған жоқ. Келесі жылы бұл жерде ұлы қазақ ағартушысы, педагогі, жазушы, фольклорист, ғалым-этнограф  Ыбырай Алтынсариннің 165 жылдығы кеңінен атап өтіледі. «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасына қатысушылармен кездесуінде аудан әкімі Батырбек Ахметов бұлмерейтойға  алтынсариндіктердің түрлі іс-шаралар өткізуді қазірден-ақ жоспарлап отырғанын, ал Щербаково селосында оның атымен аталатын мәдениет және демалыс саябағы салтанатты түрде ашылатын болады. 

Таяу арада өткен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 23-ші сессиясында «Зиялы қауым» облыстық қазақ қоғамының төрағасы Қалқаман Жақып келесі жылға біздің атақты жерлесіміздің туған, азамат болып қалыптасқан және қоғамдық  қызметке араласқан жерлеріне туристік бағдар әзірлеу туралы бастама көтерді.  Бұл идеяны өңір басшысы  Нұралы Сәдуақасов толығымен қолдап, мәдениет басқармасына осы тақырыпта мұқият жұмыс істеу туралы тапсырма берді. 

Алтынсариндықтармен Мәдениет үйінде кездесу барысында ОҚХА хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушысы Гүлвира Құдайқұлов, ҚХА мүшесі  Бағытұр Дандыбаев, ҚХА мүшесі, «Крынiца» беларус  этномәдени бірлестігінің мүшесі Леонид Шевченко, «Қостанай облысы әкімдігінің Достық үйі»  КММ  басшысы Әбдібек Божақов және Достық үйінің ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу бөлімінің аға инспекторы   Алтын Өтегенова сөз сөйледі.

Ресми бөлімнен кейін ҚХА 20 жылдығы аясында дайындалған облыстық  Ассамблея туралы фильм көрсетіліп, сахнада облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктердің шығармашыл ұжымдары (Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның артистері, орыс қауымдастығы, украин  ЭМБ, беларус «Крынiца» ЭМБ, әзербайжан «Бирлик» ЭМБ, армян «Эребуни» ЭМБ, еврей ЭМБ) өнерлерін  көрсетті. 

«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасының екінші кезеңінде 8  мыңға жуық адамды қамту көзделген. Эстафета қазан айында мәресіне жетеді.  Қостанайда үлкен гала-концерт қойылып, сонда осы ауқымды мега жобаның қорытындысы шығарылады. 

«Қостанай облысы әкімдігінің Достық үйі»  КММ  Баспасөз қызметі  

 

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.