You are here

Авторлық ертегілер байқауы басталды

25.07.2017, 14:57   259

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осы ерекше жобаның ұйымдастырушылары - облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі.

Байқауға кәсіби және қарапайым авторлар қатыса алады. Жас шамасына шектеу жоқ. Ертегілер міндетті түрде халық кейіпкерлері бар этникалық айқын көріністерге толы болуы тиіс.

- Біраз қиялдауға тура келеді. Мүмкін біреу Алдар көсеге екінші өмір сыйлар, Қожанасыр үшін өзгеше сюжет ойлап табар немесе ертегілерді жаңа кейіпкерлермен жандандырар, - деп айтып кетті «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Валентина Маренинова.

- Өз жұмысымызда өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлеміз, өйткені жас қазақстандықтар өсе келе, біздің еліміз көпұлтты, тату екенін және бізге түрлі мәдениет, дәстүр, әдет-ғұрыптар тән екенін  білетін болады. Осының барлығы Қазақстан халқының біртұтастығын көрсетеді. Ертегілер – балалар үшін ең алғашқы тәрбиеші, мұғалім, ол бала бойында ерекше игі және оң қасиетті тәрбиелейді, жақсылық пен жамандықпен таныстырады.  Осы жоба арқылы этносаралық келісімді нығайтуға және балалардың бойында толеранттылықты қалыптастыруға өз шығармашылығымен ықпал етуші авторларды анықтаймыз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша ертегі сюжетінде біздің елде тұрып жатқан этностардың ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен мәдениеті сипатталғаны құпталады. Сондай-ақ бұл кітап балаларға арналғандықтан болғандықтан ертегінің негізгі ойы – достық, құрмет, өзара көмек, қонақжайлылық және адамдардың бірлігі.

Өтінім және байқау жұмыстары 2017 жылдың 26 шілде 1 қыркүйек аралығында қабылданады. Содан әр ертегіге суретпен безендірілген түрлі-түсті жинақ шығарылатын болады. Кітаптар балалар мен мектеп кітапханаларына сыйға берілетін болады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15