You are here

2017 жылғы 31 шілдеде Қоғамдық келісім кеңесінің барлық деңгейдегі кеңейтілген отырысы болып өтті.

04.08.2017, 17:10   385

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Күн тәртібіндегі басты мәселелер: облыс бойынша  экология саласындағы өзекті мәселелер, астарлы діни экстремизмді алдын алу, Меңдіқара, Денисов, Алтынсарин аудандары кеңестерінің қызметі туралы есептері.   

Отырыс барысында облыстық Кеңестің төрайымы Сероус Ирина Ивановна өз сөзінде, барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты енгізу Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Қазақстан Республикасы Президентімен берілген тапсырмасы болып табылатынын атап өтті.

Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Үмбетов Жанболат Жұмабайұлы да өз кезегінде,  деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу үшін алдын алу жұмыстары бойынша Кеңестің рөлі жайлы атап кетті. Оның айтуынша, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру негізгі міндеттерінің қызметі, халықтың дінтану мен құқықтық  сауаттылық деңгейін  арттыру,   сондай-ақ қоғамдағы конфессияаралық тұрақтылықты нығайту  болып табылады.

Отырысқа қатысушылар бірауыздан, берілген міндеттер Кеңестің қоғамдық бақылау мен Қазақстан халқының бірлігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша  міндеттерімен байланысты екенін айтып кетті.

Осылайша, Қоғамдық келісім кеңестері мен дін істері басқармасының бірлескен жұмысы жалғасатын болады.

Кездесу  барысында  облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің  төрағасын қайта  сайлау  қаралды.  Дауыс  беру барысында ййгілі  қоғам  қайраткері, белгілі  ағартушы, жазушы,  педагог  Суслова  Александра  Ильинична  - бірауыздан  жаңа төрайым болып  сайланды.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15