You are here

Ассамблея туралы

Версия для печатиPDF versionEPUB version
2009 жылғы ресми санақ бойынша өңірде 855 570 тұрғын өмір сүріп жатыр:
 
қазақтар - 328936 – 37,1 %
орыстар - 380599 – 43%
украиндықтар – 84815 – 9,6%
немістер - 27959-3,2%
татарлар - 13038-1,9%
беларустар - 15171-1,7%
башқұрттар - 3981-0,4%
корейлер - 3847 -0,4%
әзірбайжандар - 3405 -0,4%
молдовандар - 2467-0,3%
шешендер -1993 -0,2%
армяндар - 1595 -0,2%
өзбектер - 1067-0,1%
қырғыздар - 617-0,1%
тәжіктер -383-0,05% және басқа да этностар.
 
Барлық этностардың өкілдері тең дәрежеде облыстың экономикалық өміріне белсене араласады, ірі бизнеске қатысады, тау-кен өндіру саласында, ауыл шаруашылығында  өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Барлық этностардың есімдері мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, білім және ғылым саласында аталуда.
 
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының құрылымында жұмыс істеп тұрған 18 этномәдени бірлестіктері бар  және 60-ы аудандық және қалалық есептік тіркелген. Этномәдени бірлестіктерінің жұмысы ҚХА XVII, XIX сессияларының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын және Ассамблеяның 2012-2014 жылдарға арналған және ҚХА-ны  одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралары Жоспарын және Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 2012 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыруға бағытталған.
 
Барлық 18 этномәдени бірлестіктер этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайды және мақұлдайды және үлкен нысаналы бағытталған жұмыс жүргізуде.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚХА XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес:
4-тармақ бойынша. Қоғамдық және этникааралық келісім мәселелері жөніндегі партияааралық ынтымақтастық депутаттық тобы ойдағыдай жұмыс істеуде.
5-тармақ бойынша. Қазақстан халқы Ассамблеясының ірі ұжымдардағы, жоғары оқу орындарындағы жұмысының жаңа нысандары жүргізілуде, а.ж. 11-13 тамызында облыстағы ірі кәсіпорын «Қостанай минералдары» АҚ ұжымымен кездесу өткізілді, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ақпараттық-насихат тобының мүшелері Қамысты, Жітіқара аудандарында, Қостанай қаласында лекциялар оқып, семинарлар өткізді.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚХА XIX сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру үшін 23-тармағы бойынша. Облыстың екі ауданында және Қостанай қаласында «IPO дегеніміз не?» тақырыбында лекция оқылды.
 
Әлеуметтік жаңғырту және жастар саясаты саласында 26-тармақ бойынша жастар үшін спорттық объектілер мен құрылыстарға, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі спорттық кешендерге кешкі уақыт пен демалыс күндерінде қолжетімділігі қамтамасыз етілді.
 
Есепті кезең ішінде Қостанай облысының әкімі Н.М. Садуақасовтың, Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановтың жастар өкілдерімен кездесулері ұйымдастырылды және өткізілді.
2012 жылғы 6 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында Қостанай қаласында облыстың жастар ұйымдары өкілдерінің арасында спорттық турнир болып өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП ҚОФ «Жас Отан» жастар қанатының және «Жастар бастамалары орталығы» ЖШС белсенділері қатысты. Жарысқа Қостанай облысының әкімі Н.М. Садуақасов барды және барлық қатысушыларды Астана күнімен құттықтады. өз сөзінде Н. Садуақасов Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, елорданы көшірудің тарихи мәнін, Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың саясатының маңыздылығын атап өтті.
 
1-қыркүйекте, Білім күнінде Қостанай облысының әкімі Н.М. Садуақасов білім беру мекемелеріне барып шықты. Өңір басшысының қатысуымен Федоров ауданында мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектептің салтанатты ашылуы болды. Сондай-ақ облыс әкімі М. Хакімжанова атындағы №20 орта мектебінде, отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар үйінде болды.
 
Облыс әкімі Н.М. Садуақасовтың тапсырмасы бойынша облыстық басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері білім беру мекемелеріндегі салтанатты линейкаларға барды. Мемлекеттік органдардың басшылары педагогикалық ұжымдармен және мектептердің оқушыларымен кездесті, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндірді.
 
2012 жылғы 5-6 қыркүйекте Қостанай облысының әкімі Н.М. Садуақасовтың бастамасымен «Нептун» демалыс базасында «Қостанайлық аккорд-2012» бард әндерінің фестивалі өткізілді.
Бұдан басқа, мынадай іс-шаралар өтті:
А.ж. 24 шілдеде Челябі облысының Троицк казак хоры Ұзынкөл ауданының Пресногорьковка кентінде өткен Халықтар достығы фестиваліне қатысты.
25 шілдеде Рудный қаласы мешіті имамының Кеншілер сарайында дінге ұюшылармен кездесуі өтті.
28 тамызда Достық үйінде ақсақалдармен - қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өткізілді.
 
Челябі облысы Губернаторының орынбасары, Ассамблея төрағасы И.А. Муроганың шақыруы бойынша а.ж. 30-31 тамызында Қостанай облысының делегациясы Оңтүстік Урал халықтарының бірінші съезіне қатысты. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Б.А. Дәндібаев Челябі облысының Заң шығарушы жиналысының үлкен залында  «Этникааралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбына баяндама жасады.Съезге қатысушылар өз сөздерінде Қазақстанның оңды тәжірибесін атап өтті.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сесиясында берілген тапсырмаларға сәйкес 7-тармақ бойынша, барлық этникалық топтардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтау мен дамыту, ортақ тарихи-мәдени келісімді сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны ішінде этномәдени бірлестіктер этникааралық келісімнің және қоғамдағы тұрақтылықтың сақталуына бағытталған 29 іс-шара өткізді. Бұдан басқа, облыстық және республикалық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, Ғылыми-сараптамалық топтар мүшелері өңірлік БАҚ-та 12 материал шығарды.
 
6 шілдеде облыстық Достық үйінде Астана күнін мерекелеуге арналған «Саған, Астана, арнаймын...» мерекелік концерті өтті.
 
Шілденің 13-нен бастап 21-ін қоса алғанға дейін Беларусь Республикасының Витебск қаласында «Витебскідеге славян базары» халықаралық өнер фестивалі шеңберінде «Витебск 2012» вокальды конкурсы өтті. Оған «Алтын микрофон» балалар вокальды конкурсының (Қостанай қ.) лауреаттары қатысты.
 
Облыстың аудандары мен қалаларында  «Этномәдени экспедициялар: Рухани бірлестік үшін» жобасының шеңберінде облыстық Ассамблея мен Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы бірлесіп ұйымдастырған облыстық акция жалғасуда. 19 шілдеде Қамысты ауданына сапар ұйымдастырылды.
 
25 тамызда Қостанай қаласының күнін өткізу аясында Сити-орталығында «Этноқалашықтың» таныстырылымы өтті, онда 9: татар-башқұрт, армян, неміс, қазақ, украин, орыс, шешен-ингуш, әзербайжан, корей этномәдени бірлестіктері қатысқан болатын.
 
25 тамызда Сити-орталығының концерт алаңында «Достықты және бірлікті шырқаймын» украин халық шығармашылығының XVI облыстық фестивалі лауреаттары мен қатысушыларының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған концерті өтті. 
 
А.ж. 27-29 тамызда Павлодар қаласында Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің базасында шекара маңындағы ынтымақтастықтың жастар этномәдени Форумы болып өтті, оған Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері «Бірлік» әзербайжан ЭМО мүшесі Зульфия Набиева, «Дуслык» татар-башқұрт ЭМО мүшесі Светлана Морданова қатысты.
 
А.ж. 5-7 қыркүйекте Петропавл қаласында «Қазақстанда мемлекеттік этносаясатты іске асыру және этноконфессиялық қарым-қатынастарды реттеу» аймақтық семинар-тренингі өтті. Қостанай облысынан 27 адамнан тұратын делегация қатысты, қатысушылардың барлығы да сертификаттар алды.
 
А.ж. 10 қыркүйекте облыстық Достық үйінде жас әйелдер, этномәдени бірлестіктер, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдер, жас және көп балалы аналар өкілдері арасында «Ана тілі» конкурсы өтті. Конкурстың қорытындылары бойынша қатысушылардың әрқайсысы бағалы сыйлық және диплом алды.
 
Этномәдени бірлестіктер Отанымен әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды ұстайды. Отанымен байланыс жасаудың өңірдегі жағдайға әсері оңды.
 
Атап өту қажет, этникааралық қарым-қатынастар мен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаттың қаржыландырылуы жеткілікті. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ белсенді жұмыс істеуде.
 
Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы этникааралық келісімді нығайтуға және қазақстандық  ұқсастықты қалыптастыруға арналған өз жұмысын жалғастыруда.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15